2026 жылғы 26 маусымда WEST OIL инженерлік компаниясы Орал қаласында «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» (KPO) және Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары қауымдастығы «KazService» ұйымдастырған «Өңірдің болашағы: даму стратегиясы» форумына қатысты.
Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «PSA» ЖШС-нің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «PetroMining» тәуелсіз мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші ұйымдар қауымдастығының, Chevron Direct Investment Fund Ltd. компаниясының, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» АҚ, «QazaqGaz» АҚ және отандық өндірушілер мен қызмет көрсетуші компаниялардың өкілдері қатысты.
Форумның негізгі мақсаты – жергілікті тауар, жұмыс және қызмет жеткізушілерін қолдау шараларын талқылау, сондай-ақ KPO жобаларындағы жергілікті қамту үлесін арттыруға бағытталған тиімді тетіктерді әзірлеу болды.
Іскерлік бағдарлама аясында мұнай-газ саласының даму үрдістері, инвестициялар тарту, мемлекеттік қолдау шаралары, өндірісті жергіліктендіру және қазақстандық кәсіпорындармен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қарастырылды.
Форум соңында өткен B2B-кездесулер барысында қатысушылар техникалық мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты, жаңа іскерлік байланыстар орнатып, болашақтағы ынтымақтастық бағыттарын айқындады.
WEST OIL инженерлік компаниясы үшін мұндай салалық іс-шараларға қатысу – серіктестік байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға, нарықтағы өзекті үрдістерді зерделеуге және Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

