Студенттік практика

«Engineering company WEST OIL» ЖШС техникалық және инженерлік мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттерге өндірістік, диплом алды және танысу практикасын өтуді ұсынады.

Біз болашақ инженерлер, конструкторлар, автоматиктер мен КИПиА саласындағы мамандар үшін тәжірибенің маңыздылығын жақсы түсінеміз, сондықтан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары және колледждерімен белсенді түрде ынтымақтастық орнатудамыз.

WEST OIL компаниясындағы практика не береді:

  • Шынайы өндірістік тәжірибе – жобалау бөлімдерінде, цехтарда, нысандарда жұмыс істеу;
  • Заманауи технологиялармен танысу – автоматтандыру, SCADA, АСУТП, өндірістік телеметрия;
  • Кәсіби мамандармен бір командада жұмыс – тәжірибелі инженерлердің жетекшілігі, тәлімгерлік;
  • Нақты жобаларға қатысу мүмкіндігі – жүйелерді жобалаудан бастап, жинақтау және іске қосуға дейін;
  • Жұмысқа орналасу мүмкіндігі – практиканың қорытындысы бойынша үздік студенттерге жұмыс ұсынылады.

Практикадан өту шарттары:

  • 1 Оқу орнынан ресми жолдама болуы
  • 2 Компанияның бейініне сәйкес мамандық
  • 3 Жауапкершілік, тәртіп және үйренуге ынта

ЖОО-мен ынтымақтастық Біз университеттермен, колледждермен және техникумдармен әріптестікке ашықпыз. Біз тұрақты түрде келесі оқу орындарының студенттерін қабылдаймыз:

  • Жәңгір хан атындағы БҚАТУ
  • АУЭС
  • ҚБТУ
  • Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ
  • Орал технология және бизнес колледжі
  • және басқа да білім беру мекемелері

Engineering company WEST OIL

  • бұл теория мен тәжірибе тоғысатын орта. Мұнда сіз өз біліміңізді іс жүзінде қолданып, құнды тәжірибе жинақтап, мамандық жолында сенімді қадам жасай аласыз!
  • Қызыл дипломның/Үздік аттестаттың болуы, сондай-ақ олимпиадалар мен ғылыми конкурстарға қатысу құпталады.

Егер сіз ЖОО өкілі немесе компанияда практика өтуді қалайтын студент болсаңыз — бізбен байланысыңыз:

+7 (7112) 933-325 (доб.110)
+7 (777) 797-91-02

Бізде тағылымдама

Нақты өндіріс жағдайындағы өндірістік тәжірибе

Қазақстанның Күрделі Технологиялық қондырғыларындағы тағылымдамалар

Компания ішінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі

Бізде жұмыс істеудің артықшылықтары

Қызметкерлердің орташа жасы-30 жас. Жылдам мансаптық өсу.

Марапаттау жүйесі. Бәсекеге қабілетті жалақы.

Ірі жобаларға қатысу

Әлеуметтік пакет. Медициналық сақтандыру. Ұжымдық іс-шаралар. Материалдық көмек.

Қызметкерлерді үздіксіз оқыту. Біліктілікті арттыру.

Тәжірибемен бөлісуге дайын кәсіпқойлардың тату ұжымы.