
«Engineering company WEST OIL» ЖШС – Қазақстан нарығында мұнай-газ, энергетика және коммуналдық салалар үшін технологиялық процестерді кешенді инжинирингтеу және автоматтандыру бойынша жетекші компаниялардың бірі болып табылады.
WEST OIL командасы — кез келген күрделі міндеттерді жедел әрі тиімді шешуге қабілетті, жоғары білікті және тәжірибелі 90-нан астам мамандардан құралған. Зияткерлік және шығармашылық әлеуетінің жоғарылығы компанияның қызмет сапасының әлемдік стандарттарға сай болуын қамтамасыз етеді.
Біз отандық өнім, жұмыс және қызмет түрлерін өндірушіміз, олардың қазақстандық үлесі жоғары екенін СТ-KZ сертификаттары растайды.
Компанияның Орал қаласындағы аумағы 1500 м²-ден асатын өндірістік цех заманауи жабдықтармен жабдықталған және арнайы аймақтарға бөлінген, бұл бізге әртүрлі күрделілік деңгейіндегі тапсырмаларды тиімді орындауға мүмкіндік береді.
Біз 20 жылдан астам уақыт бойы «ҚазМұнайГаз» АҚ компаниялар тобы, «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобы, Tengizchevroil, NCOC, KPO bv және ҚТҚ сияқты Қазақстан Республикасының жетекші компаниялары үшін сенімді серіктес болып келе жатқанымызды мақтан тұтамыз. Терең біліміміздің, технологиялық тәжірибеміздің және ұсақ-түйекке мән беретін ұқыптылығымыздың арқасында біз серіктестеріміздің өндірістік үдерістерінің тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеміз.

Жаңалықтар
- WEST OIL компаниясы KIOGE 2026 30 жылдық мерейтойлық көрмесіне қатысты

- Brodie International компаниясының WEST OIL-ға жұмыс сапары

- WEST OIL инженерлік компаниясы «Өңірдің болашағы: даму стратегиясы» форумына қатысты

- ATYRAU OIL & GAS 2026 көрмесі

- WEST OIL компаниясы МАЭК нысандарындағы газды есепке алу тораптарын жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтады

- WEST OIL — Қазақстандағы FANS компаниясының ресми өкілі











