Инжинирингтік компания WEST OIL-ға технологиялар саласындағы халықаралық көшбасшылар — Valmet және Siemens өкілдері іскерлік сапармен келді. Кездесудің басты мақсаты — ірі өнеркәсіптік жобаларға бірлесіп қатысу мүмкіндіктерін және оларды іске асыру жолдарын талқылау болды.
Сапар барысында WEST OIL инжинирингтік компаниясының өндірістік мүмкіндіктері егжей-тегжейлі таныстырылды. Біздің мамандар жобалау, автоматтандыру мен өндірістік нысандарды техникалық сүйемелдеу салаларындағы негізгі бағыттарды, сондай-ақ өнеркәсіптік жабдықтарды жеткізу бойынша іске асырылған жобаларды көрсетті.
Тараптар Valmet және Siemens компанияларының озық технологиялық шешімдерін бірлескен бастамалар аясында енгізу мүмкіндігін, сондай-ақ стратегиялық серіктестіктің әлеуетті бағыттарын талқылады.
WEST OIL инжинирингтік компаниясы халықаралық ынтымақтастыққа ашық және заманауи өнеркәсіп талаптарына сай келетін инновациялық шешімдерді дамытуға ұмтылады.
Айта кету керек, WEST OIL инжинирингтік компаниясы мұнай, мұнай өнімдері мен газды есепке алу жүйелерін әзірлеу, жобалау және қызмет көрсету саласында мол тәжірибеге ие. Компания алдағы уақытта да халықаралық ынтымақтастықты дамытып, осы саладағы жетекші мамандармен бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлап отыр.


