Кукавский Анатолий
ТПБАЖ бойынша жетекші инженер
Мен 2018 жылдан бастап технологиялық процестерді басқару жүйелерін автоматтандыру саласында жұмыс істеп келемін. Бұл бағыт Қазақстанда өте өзекті, себебі елімізде өнеркәсіп қарқынды дамып келеді, ал кәсіпорындар өндірістің тиімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға және өнім сапасын жақсартуға ұмтылуда. Автоматтандыру технологиялық процестерді оңтайландырып, адам факторының әсерін азайтуға және өндірістегі қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді. Индустрияландыру, цифрландыру және «ақылды» өндірістерге көшу бұл саладағы мамандарды ерекше құнды етеді.
Университетті аяқтағаннан кейін мен түйіндемемді вакансиялар жәрмеңкесіне қалдырдым, онда түрлі компаниялар ұсынылған болатын. Бір айдан кейін мені қазіргі компанияма ТПБАЖ технигі лауазымына шақырды. Жұмыс жолымның басында көптеген нәрселер маған түсініксіз болды, қателіктер жібердім, бірақ күн сайын жаңа дүниелерді үйрендім. Жыл өткен сайын жобаларды сәтті аяқтап, мен тапсырыс берушілермен келіссөз жүргізуді, әлемдік жетекші өндірушілердің PLC жүйелері үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді, SCADA жүйелерін пайдалана отырып операторлардың жұмыс орындарын автоматтандыруды, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы коммерциялық тораптар үшін шығын есептегіштерді конфигурациялауды меңгердім. Жақында менің тәжірибеме HVAC жүйелерімен жұмыс істеу де қосылды. Бұл жоба бойынша соңғы тапсырыс беруші — Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. болды. Бұл тәжірибе менің кәсіби құзыреттерімді кеңейтіп қана қоймай, инженерлік жүйелерді автоматтандыру саласындағы түсінігімді жаңа деңгейге шығарды. Әрбір жаңа білім бізді күшейтеді, сондықтан жеткен жетістіктермен шектелмей, үнемі даму маңызды.
«Табандылық пен еңбектің арқасында мен маңызды нәтижелерге қол жеткіздім, сондықтан жаңа нәрсені үйренуден қорықпаңыз – әрбір алға басқан қадам жаңа мүмкіндіктерге жол ашады».
«Инжиниринговая компания «WEST OIL» мен үшін — оқып, үнемі даму мүмкіндігі. Біздің командамыз өндірістің әртүрлі салаларындағы кез келген күрделі жобаларды жүзеге асырады. Ал тәжірибелі мамандардан құралған ұжымшыл команда ең күрделі міндеттерді шешуге қауқарлы. Білімді, тәжірибені және дамуға деген ұмтылысты біріктіре отырып, біз алға жылжимыз, озық технологияларды өмірге енгізіп, өндірістік автоматтандыру әлемін бұрынғыдан да жетілдіре түсеміз.