WEST OIL өкілі Brodie International) компаниясында арнайы оқудан өтті

13–15 қазан аралығында WEST OIL инжинирингтік компаниясының өкілі АҚШ-тың Джорджия штатындағы Стейтсборо қаласында орналасқан Brodie International компаниясының өндірістік алаңында арнайы оқудан өтті.
Оқу бағдарламасы Brodie пруверін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және калибрлеу ерекшеліктерін меңгеруге бағытталды.
Бірінші күні өндіріс орнымен танысу, зауытқа экскурсия және шығынды өлшеу принциптеріне, шығын өлшегіштерді тексеруге және жабдықтың құрылымына арналған кіріспе дәріс өткізілді.
Екінші және үшінші күндері практикалық жұмыстарға арналды. Олардың қатарында пруверді бөлшектеу және жинау, техникалық қызмет көрсету, тығыздағыштарды ауыстыру және құю әдісімен калибрлеу жұмыстары болды. Жұмыс нәтижелері бойынша хаттама мен калибрлеу сертификаты рәсімделді.
Оқудың қорытынды кезеңінде ақауларды диагностикалау бойынша практикалық тапсырмалар орындалып, жазбаша емтихан өткізілді. Нәтижесінде қатысушы аттестациядан сәтті өтіп, сертификат алды.
Алынған білім мен практикалық дағдылар WEST OIL компаниясының техникалық құзыреттерін дамытуға, жабдықтарға қызмет көрсету сапасын арттыруға және өлшеу жүйелері мен метрология саласындағы қызметтерді жетілдіруге ықпал етеді.

