«Даму» қорының қолдауы — WEST OIL өндірісін дамытудың жаңа кезеңі
Мемлекеттік қолдау отандық өндірісті дамытуда, кәсіпорындарды жаңғыртуда және Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуда маңызды рөл атқарады.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауының арқасында WEST OIL инжинирингтік компаниясы жаңа станоктар сатып алып, өндірістік қуаттарын жаңғыртып, ысырмалар мен фланецтердің сериялық өндірісін жолға қойды.
Аталған жұмыстар өнім ассортиментін кеңейтуге, кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға және WEST OIL компаниясының өнеркәсіптік жабдық өндіруші отандық кәсіпорын ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік берді.
Компанияның дамуы, өндірістік процестері және мемлекеттік қолдаудың нәтижелері Aqjaiyq телеарнасының «Нақты өндірістегі бизнесті қолдау» атты телесюжетінде баяндалады.
Кәсіпкерлікті қолдау өндірістік секторды дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
WEST OIL — отандық өндірісті дамытып, инженерлік шешімдер ұсынып, Қазақстанның өнеркәсіптік дамуына үлес қосамыз.

