WEST OIL инжиниринг компаниясы OMNI Flow Computers компаниясының Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке-дара өкілі мәртебесіне ие болды, бұл серіктестер тарапынан оған үлкен сенім артылатынын дәлелдейді.
OMNI Flow Computers — бұл мұнай-газ және басқа да өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылатын сұйықтық пен газ ағынын өлшеуге арналған арнайы есептеу құрылғыларын шығаратын америкалық компания.
OMNI Flow Computers технологиялары
Flow computer — бұл өлшеу және есептеу міндеттерін аса дәл орындауға арналған арнайы автономиялы өнеркәсіптік компьютер.
OMNI жабдықтары келесі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді:
— шығын, қысым, температура және басқа параметрлер хабаршыларынан сигналдар қабылдау;
— API, ISO, OIML халықаралық стандарттарына және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес өнімнің шығынын, көлемін және массасын есептеу;
— есептерді қалыптастыру және өлшеу деректерін архивтеу;
— технологиялық процестерді басқаруға қатысу;
— SCADA және PLC жүйелеріне интеграциялау.
Жоғарғы деңгейдегі дәлдігі мен сенімділігінің арқасында OMNI шешімдері мұнай, газ және басқа флюидтерді коммерциялық есепке алу тораптарында кеңінен қолданылады.
OMNI ағындық компьютерлері custody transfer metering жүйелерінің, яғни халықаралық талаптарға сәйкес көмірсутектерді коммерциялық есепке алу және беру жүйелерінің маңызды компоненттері болып саналады.
Оқулардан өткен, сертификат алған персонал
WEST OIL инжиниринг компаниясының мамандары Америка Құрама Штаттарында, Хьюстон қаласында OMNI Flow Computers жабдықтары бойынша профильдік оқулардан өтті және тиісті сертификаттары бар.
Қызметтердің толық кешені
WEST OIL инжиниринг компаниясы OMNI Flow Computers жабдықтарымен жұмыс істеудің толық циклын қамтамасыз етеді:
— WEST OIL сервистік бөлімі OMNI ағындық компьютерлерінің өлшеу арналарына техникалық қызметтер көрсетеді, диагностика жүргізеді, тексереді және калибрлейді;
— WEST OIL ТП АБЖ бөлімі flow computers OMNI конфигурациясын Тапсырыс берушінің нақты міндеттеріне қарай реттейді, соның ішінде қолданыстағы автоматтандыру және коммерциялық есепке алу жүйелеріне интеграциялайды.
WEST OIL инжиниринг компаниясы өз клиенттеріне сенімді және аса дәл инженерлік шешімдерді ұсына отырып, әлемнің жетекші өндірушілерімен арадағы серіктестікті нығайтып, кәсіптік құзыреттілікті дамыту саласын инвестициялауды жалғастырады.

