WEST OIL инжиниринг компаниясы өзінің техникалық және жобалау құзыреттерін жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда. Инженерлік шешімдердің сапасын арттыру және халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз ету аясында компания құрылыс конструкцияларын есептеу және талдауға арналған әлемдегі жетекші бағдарламалық құралдардың бірі — Bentley STAAD.Pro лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді алды.
STAAD.Pro бағдарламасы өнеркәсіптік, азаматтық және инфрақұрылымдық нысандарды жобалау кезінде кеңінен қолданылады, бұл халықаралық нормалар мен стандарттарды ескере отырып, конструкциялардың беріктігін, орнықтылығын және сенімділігін дәл есептеуге мүмкіндік береді.
Бағдарламалық өнімді енгізумен қатар, WEST OIL компаниясының мамандары Bentley STAAD.Pro бағдарламасымен жұмыс істеу бойынша бейінді оқытудан өтті.
Алынған білім мен практикалық дағдылар компанияның ағымдағы және болашақ жобаларында бағдарламалық қамтамасыз етудің функционалдық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
STAAD.Pro бағдарламасын енгізу WEST OIL компаниясының инженерлік әлеуетін дамытудағы маңызды қадам болып табылады және келесі мақсаттарға бағытталған:
— жобалық шешімдердің дәлдігі мен сенімділігін арттыру;
— есептеу және жобалау үдерістерін оңтайландыру;
— халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету;
— ұсынылатын инжиниринг қызметтер аясын кеңейту. WEST OIL компаниясы заманауи технологияларға және команда мүшелерінің кәсіби дамуына инвестиция салуды жалғастырып, жоғары сапа стандарттарына және инженерлік шешімдердің тұрақты дамуына деген адалдығын растайды.

