Инжиниринговая компания WEST OIL

Проектирование

Автоматизация

Производство

Поставка оборудования

Сервисное обслуживание

«Engineering company WEST OIL» ЖШС – Қазақстан нарығында мұнай-газ, энергетика және коммуналдық салалар үшін технологиялық процестерді кешенді инжинирингтеу және автоматтандыру бойынша жетекші компаниялардың бірі болып табылады.

WEST OIL командасы — кез келген күрделі міндеттерді жедел әрі тиімді шешуге қабілетті, жоғары білікті және тәжірибелі 90-нан астам мамандардан құралған. Зияткерлік және шығармашылық әлеуетінің жоғарылығы компанияның қызмет сапасының әлемдік стандарттарға сай болуын қамтамасыз етеді.

Біз отандық өнім, жұмыс және қызмет түрлерін өндірушіміз, олардың қазақстандық үлесі жоғары екенін СТ-KZ сертификаттары растайды.

Компанияның Орал қаласындағы аумағы 1500 м²-ден асатын өндірістік цех заманауи жабдықтармен жабдықталған және арнайы аймақтарға бөлінген, бұл бізге әртүрлі күрделілік деңгейіндегі тапсырмаларды тиімді орындауға мүмкіндік береді.

Біз 20 жылдан астам уақыт бойы «ҚазМұнайГаз» АҚ компаниялар тобы, «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобы, Tengizchevroil, NCOC, KPO bv және ҚТҚ сияқты Қазақстан Республикасының жетекші компаниялары үшін сенімді серіктес болып келе жатқанымызды мақтан тұтамыз. Терең біліміміздің, технологиялық тәжірибеміздің және ұсақ-түйекке мән беретін ұқыптылығымыздың арқасында біз серіктестеріміздің өндірістік үдерістерінің тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеміз.

WEST OIL мұнай мен мұнай өнімдерін есепке алу жүйелерін, газды және оның құрамдас бөліктерін есепке алу жүйелерін, сондай-ақ автоматты басқару және бағдарламалау жүйелерін жобалау, жасау, іске қосу және қызмет көрсету саласында маманданған. Бізде жобалау қызметіне арналған І және ІІ санаттағы лицензиялар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған І және ІІ санаттағы лицензиялар бар.

Бәсекелестер аясында бізді бөліп көрсететін бірнеше негізгі артықшылықтар:

  • Жеке инженерлік шешімдер: Әрбір нысанға жеке тәсілдеме қолданамыз және оңтайлы шешімдер ұсынамыз;
  • Қызметтердің толық пакеті: Біз кешенді тәсілді ұсынамыз — әзірлеуден бастап іске асыруға дейін. Барлық кезеңдерге бір мердігер.
  • Жоғары білікті мамандар: Біздің командамыз көпжылдық тәжірибесі бар білікті мамандардан тұрады.
  • Қызметтердің сапасы: атқарылған жұмыстарға кепілдік беріледі, оның ішінде сервис қызметтері, техникалық және метрологиялық қолдау қамтылады.

Біздің мақсатымыз:

  • Бүкіл әлем бойынша Тапсырыс берушілердің ең жоғары талаптарына сәйкес келетін жоғары сапалы өнім мен қызметтерді ұсыну.

Біз сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетін шешімдерді ұсына алатынымызға сенімдіміз.

Меншікті өндіріс

  • Біздің компания халықаралық стандарттар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жоғары сапалы өнеркәсіптік жабдықтар шығарады. Барлық өнімдер сертификатталған және өндірістің әр кезеңінде сапаны қатаң бақылаудан өтеді, бұл ISO 9001, API, МЕМСТ және ASME сияқты қажетті рұқсат құжаттары мен сертификаттарымен расталады.

Бекіту арматурасы (ысырмалар)

Ысырмалар құбыржол жүйелеріндегі жұмыс ортасының ағынын толық жабу немесе қалпына келтіру үшін пайдаланылады. Олар жоғары тығыздықты, коррозияға төзімділікті және ұзақ қызмет мерзімін қамтамасыз етеді.

Ернемектер

Ернемектер герметикалық және сенімді жалғауды қамтамасыз ете отырып, құбырларды, арматуралар мен жабдықтарды жалғауға арналған. Өнім халықаралық стандарттарға сәйкес дайындалады, бұл жоғары беріктікке және ұзақ мерзімге кепілдік береді. 

БӨАжА датчиктері (қысым, температура)

Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика (БӨАжА) қысымды, температураны, деңгейді және шығысты өлшеуге арналған датчиктердің кең ассортиментін қамтиды. Өнім жоғары дәлдігімен және сенімділігімен ерекшеленеді.

Диафрагмалар

Диафрагмалар жұмыс ортасының шығынын дәл өлшеу, реттеу және жабдықты артық қысымнан қорғау үшін қолданылады.

Тарылту құрылғылары

Тарылту құрылғылары жұмыс ортасының шығынын өлшеу үшін қажетті қысым айырмашылығын жасау үшін қолданылады.

Түзу сызықты учаскелер

Құбырлардың түзу сызықты учаскелері есепке алу және өлшеу тораптарының алдында тұрақты жұмыс ортасының ағынын жасау үшін қолданылады.

Біз әлемдік жетекші компаниялармен – OMNI, Siemens, WIKA, Krohne, Emerson, KSB Kazakhstan, Greenpumps, Endress+Hauser және Yokogawa компанияларымен тікелей серіктестік қатынастар орнатқанбыз, бұл бізге техникалық аудитті, орнатуды және сервистік қызмет көрсетуді жоғары деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Неліктен бізді таңдайды? Көпжылдық тәжірибемен дәлелденген кепілдендірілген сапа. Біз үшін серіктестік қатынастарды дамыту және сақтау аса маңызды.

Артықшылықтары

Кешенді тәсіл: бір мердігер-барлық кезеңдер

Қазақстандық қамту

Жоғары білікті мамандар

Көп жылдық жұмыс тәжірибесі

Заманауи жабдықтары бар меншікті өндірістік база

Әрбір объект үшін жеке инженерлік шешімдер