Сервистік қызмет көрсету және қолдау

Сервистік қызмет көрсету және қолдау

Қазіргі заманда жабдықтың бір минуттық тоқтап қалуының өзі бүкіл өндірістік үдерістің кідірісіне, компанияның жалпы өнімділігінің төмендеуіне және қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін. Сондықтан сапалы сервистік қызмет көрсету кез келген ұйымның тұрақты жұмыс істеуінің маңызды бөлігі болып табылады.

WEST OIL ЖШС құрылымында сервистік қызмет көрсету бөлімі жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті — тапсырыс берушінің жабдығы мен бағдарламалық қамтамасының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Біз жабдықтың сенімді жұмысы тұрақты бизнес жүргізудің негізі екенін жақсы түсінеміз, сондықтан тоқтап қалуларды барынша азайтуға және жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзартуға бағытталған кең ауқымды сервистік қызметтерді ұсынамыз.

Біздің мүмкіндіктеріміз:

  • Алдын алу қызмет көрсету: ақаулардың алдын алу мақсатында жабдықты тұрақты түрде тексеру және диагностикалау.
  • Авариялық қызмет көрсету: штаттан тыс жағдайларға жедел әрекет ету және жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру.
  • Жаңғырту және баптау: жабдықтың тиімділігін арттыру үшін бағдарламалық жасақтаманы жаңарту және техникалық жаңғырту.
  • Қашықтықтан қолдау көрсету: жабдықты қашықтан бақылау және баптау.
  • Персоналды оқыту: жабдықты дұрыс пайдалану үшін қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

Әр клиентке жеке көзқарас

  • Қызмет көрсету көлеміне кіретін жұмыстардың жиынтығы әрбір тапсырыс беруші үшін жеке түрде айқындалады, бұл оның қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келетін тиімді тәсілді таңдауға мүмкіндік береді. Біз икемді шарттарды ұсынамыз, оған мыналар кіреді: бір реттік шаралар, ұзақ мерзімді келісімшарттар және сіздің бизнесіңізге толық техникалық қолдау көрсететін кешенді шешімдер

Неліктен біздің сервисті таңдайды

Кәсібилік: ірі өндірістік нысандарда жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті инженерлер командасы.

Жеделдік: штаттан тыс жағдайларға жылдам әрекет етіп, тоқтап қалу уақытын барынша қысқарту.

Ашықтық: сервистік қызмет көрсетудің барлық кезеңдерін бақылау мүмкіндігі.

Жеке көзқарас: қызмет көрсету форматын таңдаудағы икемділік.

Тәулік бойы техникалық қолдау (24/7): мамандардан тәуліктің кез келген уақытында көмек пен кеңес алу мүмкіндігі.

WEST OIL-пен бірге сіздің бизнесіңіз сенімді қолда

Біз клиенттеріміз үшін жабдықтың жоғары өнімділігі мен сенімділігін сақтау қаншалықты маңызды екенін жақсы білеміз. Біздің сервистік бөлім сіздің жабдығыңыздың тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге дайын, сол арқылы сіз өз бизнесіңіздің стратегиялық мақсаттарына толық көңіл бөле аласыз