«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясы Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, Қарашығанақ жобасын іске асыру аясында отандық өндірушілерді қолдау және жергілікті қамтуды дамытуға арналған жұмыс кездесуін өткізді

Кездесудің мақсаты – КПО мен қазақстандық кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және өндірісті жергіліктендіру мүмкіндіктерін көрсету болды. Іс-шара аясында жергілікті компаниялар өз өнімдері мен әзірлемелерін ұсынған көрме ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, КПО делегациясы бас директор Марко Марсили мырзаның жетекшілігімен өңірдегі негізгі кәсіпорындарға, оның ішінде «WEST OIL» инжинирингтік компаниясына барып, олардың өндірістік әлеуетімен және мүмкіндіктерімен танысты.

Кездесу нәтижесінде WEST OIL компаниясы КПО-мен кешенді шешімдерді іске асыру бойынша келісімшартқа қол қойып, бұл мұнай-газ саласындағы ірі жобалар шеңберінде компанияның позициясын нығайту мен өңір экономикасындағы жергілікті қатысуды кеңейту жолындағы маңызды қадам болды.

Компания инжиниринг және машина жасау салаларындағы құзыреттерін белсенді түрде дамытып, саланың негізгі ойыншыларымен орнықты серіктестік орнатуға ұмтылуда.

Мұндай бастамалар КПО-ның ұлттық өнеркәсіпті қолдау және орнықты даму бағытына адалдығын көрсетіп, одан әрі өсім мен инновациялық серіктестікке берік негіз қалайды.