«WEST OIL» ИНЖЕНЕРЛІК КОМПАНИЯСЫ-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕДЕ!

Сәуірдің 22-і мен 25-і аралығында елордамыз-Астанада машина жасау саласындағы жетістіктерді көрсетудің негізгі алаңдарының біріне айналған «KAZAKHSTAN MACHINERY FAIR-2025» халықаралық көрмесі өтті. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен «WEST OIL» инжинирингтік компаниясы еліміздің жетекші кәсіпорындарымен бірге әлемдік деңгейді қамтыған іс-шараға қатысты.

Көрме өндіріс ошақтарының өз өнімдерін көрсетуге, тәжірибе алмасуға және еліміздің бетке ұстар көшбасшыларымен қатар шетелдің алдыңғы қатарлы компаниялармен жаңа серіктестік орнатуға мүмкіндік береді. Қазақстанның машина жасау кешенін дамытуға бағытталған тиімді және инновациялық жобаларға айрықша назар аударылды.

Форумның мақсаты – Отандық машина жасау саласын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар мен практикалық нұсқаулықтар қалыптастыру. Қатысушылар саладағы өзекті мәселелерді, бәсекеге қабілеттілікті, сектордың инвестициялық тартымдылығы, инженерлік және машина жасау кәсіптерінің беделін арттыру тетіктерін талқылады.

Халықаралық көрмеде сан жылдық тарихы бар ірі кәсіпорындармен иық тіресе өз өнімдерін ұсынған батыс қазақстандық «WEST OIL» инженерлік компаниясы индустриалдық жаңғыруға бағытталған ауқымды жұмыстарының нәтижесімен талайды таңдай қақтырды. Кәсіпорын елдің машина жасау саласында серіктестікте жұмыс жасауға және озық кешенді қызмет үлгісін көрсетуге тас түйін дайын!