Жабдықты жеткізу

Жабдықты жеткізу — сіздің бизнесіңізге арналған толық кешенді шешімдер

Жабдық кез — келген өнеркәсіптік кәсіпорынның негізі болып табылады. Оның сапасы мен сенімділігі өндірістік процестердің тұрақтылығына, қызметкерлердің қауіпсіздігіне және жалпы бизнес тиімділігіне тікелей әсер етеді. WEST OIL компаниясы өз өндірісіндегі және сенімді серіктестерден алынған өнеркәсіптік жабдықтардың кең ассортиментін ұсынады, бұл бізге клиенттеріміздің барлық қажеттіліктерін толық қамтуға мүмкіндік береді.

Біздің мүмкіндіктеріміз:

Біз мұнай-газ, химия, энергетика және басқа да салаларға арналған өнеркәсіптік жабдықтарды жеткіземіз, әрі клиенттерімізді халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетін шешімдермен қамтамасыз етеміз.

Жабдық ассортименті:

  • Бекіткіш арматура: ысырмалар, шарлы крандар, клапандар, шұралар және диск бекітпелер — жоғары қысым мен агрессивті орта жағдайында жұмыс істеуге арналған.
  • Фланецтер мен фитингтер: құбырлар мен жабдықтарды сенімді қосуға арналған әртүрлі тұрпатты өлшемдерінің кең таңдауы.
  • Бақылау-өлшеу құралдары (БӨҚ): қысым, температура, шығын және деңгей датчиктері, түрлендіргіштер мен автоматика.
  • Өлшеу жүйелері: мұнай мен газды есептеу тораптары, сапаны өлшеу блоктары және дайын өнімнің компоненттік құрамы.
  • Тарылтушы құрылғылары: диафрагмалар, шығын өлшегіштер, тікелей өлшеу учаскелері — жұмыс орталарда шығынды дәл өлшеуге арналған.
  • Автоматтандыру жүйелері: технологиялық процестерді басқаруға арналған кешенді шешімдер.
  • Электр жабдықтары мен кабель өнімдері: сенімді электрмен жабдықтау жүйелерін жасауға арналған.
  • Құрамдас бөліктер мен қосалқы бөлшектер: жабдықтарды жөндеу мен жаңғыртуға арналған кең ассортимент.

WEST OIL компаниясымен ынтымақтастықтың артықшылықтары

Кепілдендірілген сапа: жеткізілетін жабдықтар ISO, МЕМСТ, API және ASME халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған.

Кең ассортимент: өз өндірісімізден және жетекші әлемдік өндірушілерден алынған өнімдерге қол жеткізу.

Жедел жеткізу: өндірушілермен орнатылған байланыстар мен өз қойма қорлары жеткізу мерзімін барынша қысқартуға мүмкіндік береді.

Кешенді қызмет көрсету: жабдықты таңдаудан бастап оны орнату мен іске қосуға дейінгі барлық кезеңдерде қолдау.

Жеке көзқарас: әрбір клиенттің бизнес ерекшеліктерін ескере отырып, бірегей шешімдерді әзірлеу.

WEST OIL компаниясымен сіздің бизнесіңіз әрдайым бір қадам алда

Бізбен бірге сіз тек сапалы жабдық қана емес, сонымен қатар оның сенімді әрі үзіліссіз жұмыс істейтініне деген сенімділікке ие боласыз. Біз жеткізудегі дәлдік пен жеделдіктің қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз, сондықтан клиенттеріміздің бизнесін әр кезеңде қолдау үшін бар күшімізді саламыз